Әр түрлі

Googleден кетуді жоспарлап отырмын.

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс салдарынан бірнеше түрлі санкциялар салынып жатыр, бізді де айналып кетіп жатырған жоқ, жанамалап болса да әсері жоқ емес.

Бүгін бір қызық хат алдым, Google play командасы Ресей үшін бүйттік сөйттік, опшым Рейсейлік болсаңыз тек тегін нәрсені жүктей аласыз деген екен.

Ертең жабылып қалмас, бәлкім жабылмас та… Дей тұрғанмен қаңдардағыдай қаңтарып тастайтын заман болса Интернетке телмірмей өз серверіңе қатынап жүргенге не жетсін.

Бірінші кезекте Google drive пен Google Фото шешімін тапты. Арнайы платформа ретінде Nextcloud пайдаланғалы отырмын. Әзірге локал жүйеде істеп тұр, телефондағы фотоларды еш проблемсыз синхронизация істей алады. Онлайн офис ретінде Onlyoffice қолданады, бір әзірде осының десктоп версиясына көшкенімді айтқан болатынмын. Басқа тегін офистерге қарағанда Вордпен «тіл табысқыш».

Екінші кезекте контактлерді (календарь бірге көшеді) көшіру керек. Бұл DAVx5 приложениесі арқылы жұмыс жасайды. Оның ньюанстары бар, толық зерттелгесін өтеміз, әлбетте Googleбай бір күнде есікті тарс жаппайтын болар.

Үшінші кезекте почта. Бұл енді біраз проблема, себебі спам деген бәле бой бермесі анық, осы күресте жеңіп шығар жол табылса Google-дан толық азат боламын.

Бұл біраз мәселені шешуге әкеледі, қаншама кішкентай бизнестің өз облачный сервисі болады, қаншама мектептің электронды құжат айналымына негіз болады, әрине естір құлақ болса ғана.

Ps: Өз доменімдегі почтам google-де еді, free mailдан кеткеніме 15 жыл болыпты

Back to top button