Без рубрики

Үйдегі гугл драйв

Әй осы бала бірден кете алмайды-ау, дегендей гугл шілденің 27не дейін уақыт беріп отыр. Иә, кең көсілгенге жақсы, бірақ үлгеру керек.

Осы уақытқа дейін не бітірдік? Бүкіл фотолар мен құжаттырды гуглдан алып шықтым. Телефон мен компьютер Nextcloud жүйесімен толық синхронизация жасай алатын жағдайға жеттік.

Бұдан кейін гугл драйвтағдай құжатты онлайн редакторлап көру керек болып, неше түрлі текст, таблица процессорларына жүгіндік. Маған дұрыс болып көрінгені Onlyoffice.

Onlyoffice-тің десктоп версиясында 3 жылдан бері жұмыс жасап келемін. (MS office қолданбағаныма 13 жыл болған екен. Ол да бір бөлек әңгіме)

Оған қоса контакт, календарды да қостық, импорт жасау қиын емес болуы керек, көреміз.

Бұдан бөлек почта жинақтауыш пен конференция қызметі бар. Конференциясы zoom, google meet, ms teams сияқты болып көрінді тест жасау керек, оны қосудың да нюанстары бар екен, ол шешіледі. (Тестке шақырамын)

Бір сөзбен айтқанда толықтай гугл драйв жасап шығуға болады екен. Бұл деген Мекемелер үшін үлкен мүмкіндік. Әсіресе білім саласындағы мекемелер үшін, жыл сайын ақшасын далаға шашқанша осындай қадамдар жасау керек.

Плюстері: Бүкіл мәлімет іште болады, офис лицензиясын бір рет сатып аласыз (онда да облачный сервис үшін ғана), десктоп офистер тегін. Платформа өз таңдауыңызда қалады, ол виндоус па, мак па, линукс па, андройд па, айос па, анда бүйтеді, мында сөйтеді деген әңгімесі жоқ.

Минустары да бар әрине онсыз болады ма, оны ертең тестке шығарғасын халқым жазады ма деп отырмын. Әзірге өзім админ болғасын ба, әрі итеріп бері жыққасын ба, бәрі плюс боп тұр.

Почтавик туралы кішкене қиындықтар бар, қиындық болғанда уайым басымдау, black list-ке кіріп кетіп мазаны алмайды ма деген әсіресе. Әйтпесе Тимур айтып отырған асанқайғы болған вебморда мәселесі пашти шешілді, nextcloud жинақтауышын қолданамыз ба деп отырмын. Тек министрлеріміз yandex360, google workspace, ms365 –тердің қолына су құя алмайды деп шайып отырмаса болды эфирде.

Back to top button