Әр түрлі
Хостинг, әлде өзіміздің сервер

Жұмыстың хостингінің мерзімі ертең ЖЖ соң бітеді екен. Соған орай, хостинг мерзімін кері созамыз ба, әлде өзіміз web сервер қоямыз ба деген сұрақ туындады.
Жалпы бұл біразды мазалайтын сұрақ, сол себепті төмендегі шешімдерді ұсынамын, таңдау сізде
Web сервер түрлері | Виртуал хостинг | VDS VPS серверлер | Серверді немесе стойканы жалға алу | Өзіміздің серверіміз |
Жалпы мағұлмат | Бір web серверде бірнеше сайттар орналасады. Русурстар шектеулі болады. | Бір серверде бірнеше вируал машиналар орналасады, виртуал серверлер | Сервер арендасы — аты айтып тұрғандай, тірі серверді жалға аласыз. Ал стойка арендасы деген — дата центрге өзіңнің серверіңді апарып қоясың, олар тек тоқпен, интернетпен қамтамасыз етеді. | Бұл жағадайда бәрі өзіңдікі, бәрін өзің жасайсың. |
Плюстер | Бағасы, ең жеңіл, ең арзан вариант Шағын проектілерге арналған: Сайт визитка, блог, кішкентай php жобалар тб. Бэкап | Бұл жағдайда машинаға толық ие боласыз, өзіңіз баптайсыз. Бірақ бұның өзі толық тәуелсіздік емес. Бір серверде бірнеше VDS VPS орналасады Бағасы алдыңғыдан сәл қымбаттау болғанымен, қолжетімді ПО баптаудағы ерікіндік Бэкап | ПО орнату мен баптауда тәуелсіздік Қуатты сервер, тек конфигурациясымен шектеледі. | Электр энергиясына кететін шығын көп емес Ешкімге тәуелді емессің |
Минустер | Баптаудағы шектеулер, ЦП нагрузкасына шектеу, база нагрузкасына шектеу, сайттар санына шектеу, База санына шектеу, жады көлеміне шектеу, өз программаларыңды орната алмайсың (CMSпен шатастырмаң) Лимитті өзгерту үшін төлеу керек. | Аздап linux админ болуың керек ЦП нагрузкасына шектеу, Жедел жады көлеміне шектеу, Жады көлеміне шектеу | Дұрыс linux админ керек не өзің админ болуың керек Қымбат Сервер конфигурациясын жаңарту қымбат | Дұрыс linux админ керек не өзің админ болуың керек Электрмен үздіксіз қамтамасыз ету Интернеттің кіріс/шығыс жылдамдықтары жақсы болуы керек Бэкап DDOS және басқа да шабуыл түрлерінен қорғау |