Хостингті үйде ұстауға не кедергі?

Біздер желі эволюциясын толықтай басымыздан өткерген жоқпыз, біраз нәрседен аттап өттік. Оның өз плюстері мен минустары бар екенін ешкім жоққа шығармасы анық. Бірақ бұл технологияларды білім ордалары қарастырмайды, арнайы лабораториялары да жоқ десем ешкім «Ойбай» демейтін болар. Жаңа, қазіргі бар технологяны игере алмай жатырғанда ескіні оқытпайды деп не оттап отыр дерсіңдер, бәрі мүмкін ғой.
3 курс оқып жүргеннен бастап сайт жасау, оны орналастыру деген мәселерге қызығушылық танытып, кейін 2006 жылы ИТ саласына келгенде айналыса бастадым. Блог жүргізе бастадық жаппай, ол кездерде қарапайым жылына бір төленетін хостинг пен доменнің ақысын төлейтін ақша таба алмай қарыз алып жүрген кездеріміз де болды. Осындай кезде хостингті үйде ұстағың келеді ғой.
Ал не кедергі? IP жоқ. Осы мәселе бүгін де үлкен проблема, Қазақтелеком жеке тұлғаларға IP бермейді. Сол кездерде интернеттің жылдамдығы мардымсыз болған болса қазір секундына 500Мбит-ке дейін барады (Ешкім үйнде гигобитный инфраструктура құрмаған болар, хотя бір-екі жындыны танимын).
Динамикалық ДНС мәселесі. Осы нәрсе біздің елімізге келмей кетті. Үйдегі серверді сыртқа шығарудың бір әдісі еді. Бұл сервистердің бар екенін білген кезде, ел рекемендеп отырған қызметтер ақылы боп алды да, түсініксіз бір сервистер қалды. Оларды меңгерудің өзі бір төбе. Сол себепті хостингтердің эрасы сәтті орнай қалды. Одан әрі дами отырып VPS/VDS деген бәлелер келді. Бұлар да жаман емес-ау, үлкен жобалар үлкен қаржыны талап етеді. Оның ішінде жарып шықпайтын жобалар болады, менің жобаларым көбіне қызығушылықтарым, бизнес емес.
VPN желілер деген бәле бар, біздің ел көбіне сервистер бұғатталғанда айналып өту үшін қолданатын. Олардың да түрлері көп-ақ. (Осы мәселенің төркінін түгел түсінбегесін біздегі телофония қымбат, тегін сервистерден ақша жасап отырған тұстар бар, ол да бөлек әңгіме)
Енді бізді қызықтыратыны VPN бір жағында IP бар, екінші жағы үйдегі сервер ғой. Бұл бәлені біраз зерделей келе Wireguard деген, соңғы мезгілде пайда болған VPN түріне ұшырасқалы көзім ашылды деуге болады. Бір ұнағаны ядро деңгейінде жұмыс жасайды, жеңіл, көп ресурсты таап етпейді, сессиясы тұрақты. Соңғы қасиеті өте маңызды, OpenVPNдар 72сағатта ажырап қалып жатырса (Оған да скрипт жазып, барсың ба, жоқсың ба деп тексеру арқылы күнелттік қой), бұл айлап тұра береді.
Шелелден VPS/VDS алсаң осы технология бойынша жабық ресурстарды қарауға болады (Бұғаттаушылардың құлағына алтын сырға).
Енді VPS/VDS қолдансаң үйге сервер алып, оны продакшнге шығарып не жаның соры деп отырған боларсыңдар. Не ғо бір жігіттер пока қолдана бер деп, стойкасынан орын берген, так что бәрі тегін (Бастықтарының құлағына алтын сырға).