Әр түрлі
Облако деген не?

Ел аузындағы облако (Cloud) деп жүрген пәле, не нәрсе?Оны ұстап қарауға болады ма? Біздің құжаттарымыз қайда, ауада ма? Құжаттарыңды біздің серверге қоя тұрайық десем, бересіздер ме?
Міне облоко деп жүргеніміз «Біздің сервердің» әдемі аты. Облокоға ілу арқылы құжаттарыңызды өз қолыңызбен біреудің компьютеріне (сервер де компьютер ғой) салып бересіз.
— Өз офисімде облоко істеп, жұмысшыларды қосып беруге болады ма?
— Әрине болады. Солай болуы да керек.
— Ол үшін не істеу керек?
— Провайдер сапалы, симметриялы интернет беруі керек. Сырттан қатынау үшін IP адрестер алу керек (провайдерден). Тез жатталатын, мекеменің атын толық ашатын домен алу керек. Жады үлкен сервер керек (Арнайы NAS алуға да болады). Дұрыс админ керек. Бар болғаны осы.