Тағы бір форум

Ноябрь 4, 2011

Бүгін 3 қараша күні Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында 5-ші халықаралық “Білім жүйесін ақпараттандыру” атты форум өтті.  Керемет деп айтарлықтай еш нәрсе көре алмадым өз басым, иә, бәлкім менің субъективті ойым шығар.  Дей тұрғанмен сол баяғы жартас сол  жартас дегендей,  тегін ешқандай шешім жоқ, әйтәуір тиын жасап қалу. Ал сатып алуға тұрарлықтай өнім жоқ деуге де болады. Форумга білім және ғылым министрі Жумагулов, Байланыс және ақпарат министрі Жумагалиев қатынасып әрі қарай »

Құттықтау

Январь 31, 2011

Досым, Маратты отыз жасқа толуымен жын жүректен құттықтаймыз, деніне саулық, жанұясына бақыт, әрбір басқан қадамына сәттілік тілей отырып, төменгі өлең жолдарын арнаймыз:

Құтты болсын туған күн
Кіндігіңді кесіп ап
Жібек жіппен буған күн
Орап алып жүрдекке
Беліңнен жайлап буған күн
Ақ сүтін асыл анаңның
Емірене емген күн
Әкең келіп төбеңнен
Тебірене төнген күн
Кімге тартты екен деп
Бетіңді алғаш көрген күн
Қуаныштан ел жұртың
Көрімдігін берген күн
Туған күнің, күн сайын
Жүз жыл сайын тойлансын
Өсіп үрім бұтағың
Арманыңа жете бер
Өмір шалқар, көл теңіз
Шаршамастан кеше бер -деп, тілек білдірушілер Алмас-Қарылғаш.

Менің шытпағым қанша тұрады?

Январь 30, 2011

Әдеттегідей интернетте кезіп жүріп, қызық ресурсқа тап болдым. Ол кез келген сайттың қанша тұратынын есептеп береді http://bizinformation.org. Сөйтсем менің блогымның құны не бары 64954 теңге 89 тиын екен.

Қатты ақша керек болғанда сатып жіберуім ықтимал :)

Құрметті жамағат!..

Январь 6, 2011

Атырауда той болсын, басқа болсын сөз сойленеді. Той болса оның арнайы шақырылған асабасы болыды да қатынасып отырған қонақтардың туыстық ретіне байланысты сөз жолданады. Садақа болса да (мейлі ол қаралы жиын ба, мейлі дұға дастарханы ма, мейлі ас беру ме ажыратып алары жоқ) сөз сөйлейміз. Бірақ айырмашылығы ешкім тост бермейді, әркім өзі тұрып сөйлей береді. Осыдай жиындарда көпшілік сөйлегенде араб сөздерін араластырғанды дұрыс санайды.

Мысалға айтар болсақ “Жамағат” сөзі. Араб тілінде “Джамаа” -көпшілік деген мағына береді. Бұл сөз қазақ тіліне кірме сөз болып табылмайды ғой. Ал біздің ағаларымыз сөз алғанда “Құрметті жамағат!..” деп бастайды. Осы секілді арабша сөздерді қосып сөйлегенде өздерін мұсылман сезінеді ме екен? Осы тіркестен басқаша қазақша бастауға болмайды ма? Қазақтың тілі өте бай тіл емес пе?

Шет ел тілдерінен мысал қылғанша өз тіліміздің мәртебесін көтерейік. Бұл тек құлағыма жағымсыз естілген бір ғана мысал басқалары да толып жатыр ғой.

Президентпен кездесу

Ноябрь 20, 2010

Күздің кезі, жұмыс тек басталып, абыр-сабыр болып жатырған кез. Ол кезде қаладағы ең керім саналатын отызыншы мектепте мұғалім едім. Күндіз университте сабақтамын (3-курс), түстен соң жұмысқа келдім, жұмысқа еш құлқым болмай отыр едім, кейбір пәндер болмай, соңғы сабағымды көтеріп жіберді. “Дем аламын ау,”- деп үйге келсем, университеттен проректор телефон соққан екен. Ештеңе айтпапты, жай сұраған екен. “Үстімде қырғын бастық бар,”- демекші, -”Декан емес, проректор соққаны несі?”- деген ой мазалап барады. Не проректор екенін де ешкім білмейді, бір нөмір тастаған екен, жүрексініп барып хабарластым.

Бірінші проректор екен, амандығын айтып, келіп кетуімді (бұйрық райда) өтінді. Сасқалақтап, -”Бүгін бе?”- деп сұрадым. Сағат кешкі төрттен кеткен болатын, телефон арқылы мардымды ешнәрсе айтпаған соң, не ойларыңды да білмейді екенсің.

Университет іші тып-тыныш, күндізгі ала-сапыран шабыс жоқ. Қабылдау бөлмесіндегі қыз балаға шақырылғасын келгенімді айттым. Кабинетте оқу ісі жөніндегі проректор, тәрбие ісі жөніндегі проректор және біздің декан отыр. “Отыр!”- деген ишарат білдіріп, бос орындықты меңзеді, өздері бір нәрселерді талқылап отыр. Біраз отырдым, басыма кіріп шықпағаны жоқ, бір түрлі айыпты сияқтымын. әрі қарай »

Алғашқы қадам

Октябрь 7, 2010

Екеуміз де құда болып алғаш бардық
Шыны керек басында қатты састық
Жас болсақта ауылдағы үлкендердің
Құдаларға сәлемін ала бардық

Үш жарым да кешікпей жетіп бардық
Үйде адам жоқ, сағаттай күтіп қалдық
“О, несі-ай!”-деп өзара пыш-пыштасып,
Үй иесін даладан күтіп алдық.  әрі қарай »

Қал-жағдайын сұрамайтын ауру

Сентябрь 25, 2010

Кішкене аяқ-қолың сырқырағанның өзінде көңіл-күйің болмай, мазаң кетіп болады. Осындай кездерде жақының, не жолдастарың жағдайыңды сұраса бір жасап қаласың.  Дегенмен қазақта “Сынықтың халын сұрамайды,”-деген бар. Осылай болғанның өзінде жағдайын сұрап жатамыз, сұрамасақ та ауруханаға барып кетіп жатамыз. әрі қарай »